Accessibility links

Пуэрто-Риколықтар АҚШ құрамына қосылуды жақтады


Пуэрто-Риколықтар референдум өткізіп, АҚШ-тың құрамына қосылуды қолдап дауыс берді.

Қазір Пуэрто-Риконың АҚШ-тың өз-өзін басқаратын аймағы деген мәртебесі бар, ал тұрғындары - АҚШ азаматтары. Бірақ АҚШ-тағы сайлауларға қатыса алмайды.

Мұның сыртында олардың АҚШ конгресіндегі өкілдер саны да шектеулі. Пуэрто-Риконың АҚШ-пен қарым-қатынасына қатысты кез-келген өзгерістер жасау үшін конгрестің мақұлдауы қажет.

Реcми дерек бойынша, референдумға қатысқандардың 61 пайызы АҚШ штаты болуды қолдаған. Бірақ сыншылар "бұл нақты шешім емес, себебі сұрау салынған сайлаушылардың 46 пайызы АҚШ құрамына қосылуды жақтаған жоқ" дейді.
XS
SM
MD
LG