Accessibility links

Иран АҚШ-тың пилотсыз аппаратын атқылаған


Пилотсыз басқарылатын аппарат. (Көрнекі сурет).
Пилотсыз басқарылатын аппарат. (Көрнекі сурет).
АҚШ қорғаныс министрлігі "Иран әскери ұшақтары қарашаның басында америкалық ұшқышсыз басқарылатын аппаратты атқылады" мәлімдеді.

Пентагонның баспасөз хатшысы Джордж Литтлдің айтуынша, пилотсыз аппарат Иран шекарасынан 26 шақырым қашықтықта Парсы шығанағындағы халықаралық әуе кеңістігінде қызметтік бақылау жасап жүрген. Аппаратқа Иран жойғыш ұшақтары оқ жаудырған, бірақ аппарат аса қатты зақымданбаған.

Пентагон ұшақты Ресейде жасалған СУ-25 жойғыш ұшақтары атқылағанын айтады.

Джордж Литтлдің айтуынша, "АҚШ бұдан былай да Парсы шығанағындағы бейтарап аймаққа бақылау жасай беретінін" Иранға ескерткен.
XS
SM
MD
LG