Accessibility links

Германия "Берлин қабырғасы" құлатылған күнді атап өтеді


АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейган "Берлин қабырғасын" бұзу рәсімін жасап тұр. Шығыс Берлин, 12 қыркүйек 1990 жыл.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейган "Берлин қабырғасын" бұзу рәсімін жасап тұр. Шығыс Берлин, 12 қыркүйек 1990 жыл.
Германияда бүгін "Берлин қабырғасының" құлатылғанына 23 жыл толғаны атап өтіледі.

Еуропаның "коммунистік шығыс" пен "капиталистік батыс" деп екіге бөлінуінің және "қырғи-қабақ соғыстың" символы ретінде саналған "Берлин қабырғасы" 1961 жылы Герман демократиялық республикасының (ГДР) басшысы Вальтер Ульбрихтың бастамасы бойынша тұрғызылған. Оған жас жұмысшылар мен мамандардың Батыс Германияға жұмыс іздеп жаппай кетіп жатуы түрткі болған. Қаланы бөліп тұратын алғашқы сымтемірлер 1961 жылы 13 тамызға қараған түні тартылып, 18 тамызда бетондар тұрғызыла бастады.

Бүгін Берлинде Бернауэр штрасседе орналасқан "Берлин қабырғасы" мемориалында еске алу шаралары өтеді.

Отыз жылға тарта уақыт тұрған қабырғадан жүздеген адам жасырын өтуге талпынды. 136 адам шекарашылар қолынан қаза тапты.

ГДР 1989 жылы 9 қарашада Шығыс Берлин мен Батыс Берлин арасындағы көпірмен еркін жүрудің жаңа ережесін енгізді. Сол күні алғашқы шлагбаум да ашылды.
XS
SM
MD
LG