Accessibility links

Владимир Козлов сот үкіміне шағымданды


Владимир Козлов сот залында. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл.
Владимир Козлов сот залында. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл.
Оппозициялық саясаткер Владимир Козлов Маңғыстау облысының қылмыстық істер сотына өзіне шыққан үкімнің үстінен шағым жасады. Бұл туралы облыстың соттың баспасөз қызметіне сүйенген "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Соттың ақпаратына қарағанда, апелляциялық сот алқасы шағымды 19 қарашада қарамақ.

Маңғыстау облыстық ауданаралық қылмыстық соты 8 қазанда тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловты 7 жыл 6 айға соттап, мүлкі тәркілеуге үкім шығарған. Оған "әлеуметтік араздықты қоздырды", "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыптар тағылған еді.
XS
SM
MD
LG