Орал қаласының №2 соты бүгін қаржы полициясы қызметкерінің "Уральская неделья" газеті мен оның журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа қатысты шағымы бойынша шешім шығарды деп хабарлайды газет өзінің веб-сайтында.
Редакцияның жазуына қарағанда, судья шағымданушы Арман Қожахметовтің газет пен журналиске және басылымға ақпарат берген Махамбет Көнеевке қойған талабын қанағаттандырған. Сот жауапқа тартылғандарды Қожахметовтің 1999 жылы танымал спортшы Оралбек Қожагелдинді өлтіруге қатысы барлығы туралы жариялаған мақаласын терістеуге және Қожахметовке моральдық шығын ретінде 1,5 миллион теңге өндіріп беруге міндеттеген.
Қожахметовтің шағымына Махамбет Көнеевтің газетке берген сұхбаты себеп болған еді. Көнеев сұхбатында Қожахметовті спортшыға шабуыл жасаушылардың бірі ретінде көрсеткен.