Accessibility links

Обама Конгресті қаржы мәселесінде келісімге келуге шақырды


АҚШ президенті Барак Обама. Ақ үй, Вашингтон, 9 қараша 2012 ж.
АҚШ президенті Барак Обама. Ақ үй, Вашингтон, 9 қараша 2012 ж.
АҚШ президенті Барак Обама бай адамдардың салығын азайтуды көздейтін кез келген заңға вето қоятынын ескертті. Бұл туралы Ақ үй өкілі Джей Карни мәлімдеді.

АҚШ президенті болып екінші мерзімге сайланған соң көпшілік алдында сөйлеген алғашқы сөзінде Барак Обама демократиялық және республикалық партиялардың өкілдерін бірлесе отырып «қаржы шыңырауының» пайда болуына жол бермеуге шақырды. Бұл ұғым елде салық жеңілдігін тоқтатудың мемлекеттік шығындарды азайтумен дөп келетін жағдайды білдіреді.

Компромиске баруға дайын екенін мәлімдеген президент Обама, алайда теңгерімі жоқ шешімдерді қабылдамайтындығын қадап айтты. Бұның алдында Конгрестің өкілдер палатасының спикері, республикалық партияның өкілі Джон Бейнер елдегі дәулетті адамдарға салықты көбейтуге қарсы өз партияластарының бағытынан қайтпайтынын айтқан.

Бұған дейін халықаралық сарапшылар егер жыл соңына дейін Конгресс бюджет тапшылығына қатысты шешім қабылдамаса АҚШ-та рецессия басталып, оның соңы ғаламдық экономикаға зардабын тигізеді деп ескерткен еді.
XS
SM
MD
LG