Accessibility links

Қарағандыда дүкеннің екінші қабаты жанып кетті


Қарағандыдағы өрт шыққан "Электроника әлемі" сауда үйі. 10 қараша 2012 ж. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің сайтындағы сурет.
Қарағандыдағы өрт шыққан "Электроника әлемі" сауда үйі. 10 қараша 2012 ж. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің сайтындағы сурет.
Қарағанды қаласындағы үлкен сауда орындарының бірі - "Электроника әлемі" дүкенінде бүгін таңертең жергілікті уақытпен 05 сағат 49 минутта өрт шыққаны туралы дабыл түсті деп хабарлады Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше жағдай қызметі келіп жеткенде сауда орнындағы 1800 шаршы метр аумақ өртеніп жатқан. Өртке қарсы күрес қызметкерлері оннан астам арнайы машинаның көмегімен сағат 9-ға қарай өртті сөндірген. Өрт салдарынан дүкеннің үстіңгі қабаты түгелдей жанып кеткен.

Өрттен адамдар зардап шекпеген деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.
XS
SM
MD
LG