Грузияда бұрынғы вице-премьер Амиран Кадагишвили, монархистер партиясының жетекшісі Темур Жоржолиани және арасында жасөспірім қыздар да бар тағы да 57 тұтқын мерзімінен бұрын түрмеден босатылды.
Жазаның орындалуын қадағалау министрі Созар Субаридің айтуынша тұтқыннан босатылғандардың арасында бір келі жаңғақ ұрлап 14 жылға сотталған жасөспірімдер де бар. Министрдің сөзіне қарағанда, сотталғандардың барлығының үкімі қайта қаралады.
Вице-премьер Кадагишвили 2004 жылы,монархистер жетекшісі Жоржолиани 2006 жылы қамауға алынған. Олардың екеуіне де «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген айып тағылған.
Өткен айдың соңында Созар Субари таяу күндері Грузия түрмелерінен 300-ге тарта тұтқын мерзімінен бұрын босатылатынын мәлімдеген еді.
Алғашқылардың бірі болып «Джорджиан таймс» газетінің бас редакторы Малхаз Гулашвили де шығарылды. Ол осыдан бір жыл бұрын «Кавкасия» телеарнасының тікелей эфирінде бұзақылық іс-әрекет жасады деп айыпталған. Бірақ Гулашвили өзін саяси себеппен тұтқындады деп санайды.