Accessibility links

Сирия оппозициясы біріге бастады



Катардың Доха қаласында кеңесіп жатқан Сирияның оппозициялық ұйымдары өзара келісімге жақындады.Сирия диссиденті Рияд Сеиф мәлімдегендей, мұндай келісімнің қазір 90 пайызына қол жеткізілген.

Кейбір ақпараттар «жаңа оппозициялық коалицияның құрылуы өзінің позициясын әлсіретеді» деп қауіптенетін Сирияның ең басты оппозициялық партиясы – Сирия ұлттық кеңесі бұл орайдағы келісімдерге тосқауыл қоюға тырысатындығын айтады.

Сирия оппозициясын қолдайтын елдер, оның ішінде Катар мен АҚШ Башар Асадпен күресу үшін Сирияның түрлі оппозициялық топтарын бірігуге шақырады.

Кеше Сирия ақпарат министрі Омран әз-Зохби оппозицияны елдегі жанжалды тоқтату үшін ұлттық келісімге келуге шақырды.
XS
SM
MD
LG