Accessibility links

Португалияның 10 мыңға жуық әскерилері наразылық білдірді


Кеше Лиссабонда мыңдаған әскери қызметкер үкімет жүрігізіп отырған қатаң экономикалық саясатқа қарсы шеруге шыққандар қатарына қосылды. 10 мыңға жуық әскери қызметкер орталық алаңға шығып, әлеуметтік саладағы қысқартулар мен салықтың өсірілуіне қарсы қарсылығын білдірді, сондай-ақ қаржы тапшылығын көре бастаған қарулы күштердің проблемаларын айтты.

Манифестанттар Португалия президентінен мемлекеттік шығыстарын күрт қысқартылған жаңа бюджетке вето қоюды талап етті.

Өткен аптаның сейсенбісінде Лиссабонда бірнеше мың полиция қызметкері көшеге шығып, дағдарысқа қарсы шараларға қарсылығын білдірген еді.

Былтыр халықаралық кредиторлар бюджет шығыстарын төмендеткен жағдайда Лиссабонға 78 миллиард еуро жедел қаржылық көмек көрсету жөнінде уағдаласқан болатын.
XS
SM
MD
LG