Accessibility links

Ресейде исламшыл партияның күдікті мүшелері ұсталды


Мәскеуде тыйым салынған Тәжікстанның "Ислам қайта өрлеу партиясының" мүшелері деген күдікпен алты адам ұсталды деп хабарлайды Ресейдің ішкі істер мниистрлігі ресми сайтында.

Тергеу амалдарына қарағанда, ұйым жетекшілері мен мүшелері Мәскеу қаласындағы мешіттердің айналасында "адамдарды өздеріне еліктіріп, экстремистік әдебиеттерді таратумен айналысқан".

Тәжікстандағы оппозициялық "Ислам қайта өрлеу партиясы" - Орталық Азиядағы тіркелген жалғыз исламшыл саяси партия.
XS
SM
MD
LG