Accessibility links

Парсы шығанағы елдері Сирия оппозициясын мойындады


Парсы шығанағы елдерінің (Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Катар және Кувейт) ынтымақтастық кеңесі Сирия оппозициялық коалициясын "Сирия халқының атынан сөйлейтін заңды өкіл" деп таныды.

Ұйымның бас хатшысы Абдулатиф әл-Заянидің мәлімдеуінше, Парсы шығанағындағы аталған елдер Сирияның оппозициялық коалициясына "сириялықтардың мақсат-мүдделерін орындауына" көмектесуге әзір.

Таяуда Катарда төрт күнге созылған келіссөздер барысында Сирияның қоғамдық белсенділері оппозициялық және революциялық күштердің ұлттық коалициясын құрған.

Коалиция құрылуын АҚШ пен басқа да Батыс елдері қолдады. Ресей жаңа коалицияны Сирия үкіметімен келіссөздер жүргізуге және сыртқы күштердің басқыншылығына жол бермеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG