Accessibility links

Рамзан Қадыров "террористерді" мұсылманша жерлеуге қарсы


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров көршілес Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуровтың арнайы операция кезінде қаза тапқан "террористерді" жерлеу туралы ұстанымын сынады. Евкуров өз блогында "терроршының денесі мұсылмандық жоралғылары бойынша жерленуі үшін туыстарына қайтарлып берілуі керек" деген пікір жазған.

Қадыров Шешенстанның бас мүфтиі Сұлтан Мирзаевтың шешіміне сүйеніп, Евкуровтың пікіріне қарсы шықты. Шешенстан мүфтиі "террористер - мұсылмандыққа ешқандай қатысы жоқ қылмыскерлер болғандықтан, оларды мұсылмандар зиратына жерлеуге болмайды" деген пәтуә шығарған еді.

Қадыров пен Евкуров соңғы кездері көп мәселеде келісе алмай жүр. Оған шекараны бөлу мәселелері және шекаралық аудандарда террористік шабуылдардың жиілеп кетуі себеп болып отыр.
XS
SM
MD
LG