Accessibility links

Грузияда министрліктің бұрынғы 9 шенеунігі ұсталды


Грузия ішкі істер министрлігінің бұрынғы тоғыз шенеунігі ұсталды. Олардың арасында министрліктің конституциялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Леван Кардава да бар.

Кардаваның адвокатының айтуынша, ұсталған тоғыз шенеунікке "қызмет бабын асыра пайдаланды" және "адамдарды бас бостандығынан заңсыз айырды" деген айып тағылған. Бір шенеунікке "жеке мүлікті заңсыз жойды" деген тағы бір айып тағылған.

Шенеуніктердің тұтқындалуы осы жылдың басында премьер-министр Бидзина Иванишвилидің оққағарының ұрлануына байланысты.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Грузиядағы шенеуніктердің тұтқындалуына байланысты алаңдаушылық білдірді.
XS
SM
MD
LG