Accessibility links

АҚШ пен Ауғанстан келіссөздер бастады


АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы уәкілінің орынбасары Джеймс Уорлик пен Ауғанстанның АҚШ-тағы елшісі Эклиль Хакими. Кабул,15 қараша 2012 жыл.
АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы уәкілінің орынбасары Джеймс Уорлик пен Ауғанстанның АҚШ-тағы елшісі Эклиль Хакими. Кабул,15 қараша 2012 жыл.
Кабулда Ауғанстанда 2014 жылы НАТО күштері шығарылғаннан кейін де қала беретін АҚШ әскерилерінің мәртебесіне қатысты келіссөздер басталды. Келіссөздерді АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы уәкілінің орынбасары Джеймс Уорликтің делегациясы мен Ауғанстан жағынан осы елдің АҚШ-тағы елшісі Эклиль Хакими бастаған топ жүргізіп жатыр.

Келіссөз барысында қалатын әскерилердің саны мен олардың міндеті анықталады деген болжам жасалып отыр. Қос тарап сарбаздар Ауғанстан заңдары бойынша жүріп-тұра ма деген мәселені де талқылайды.

Вашингтон мен Кабул бірлесе жасаған мәлімдеме бойынша, АҚШ Ауғанстанда тұрақты әскери база немесе басқа да әскери құрылым орналастыру ниетінде емес.

Келіссөздер бірнеше айға созылуы мүмкін. Биыл АҚШ пен Ауғанстан 2014 жылдан кейінгі стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасасқан. Ол бойынша Құрама Штаттар Кабулға қаржылай және басқару ісінде көмек көрсете алады, бірақ онда әскер орналастыру жайлы айтылмаған.
XS
SM
MD
LG