Accessibility links

Тараздағы полигонға полицейдің аты берілді


Теракті болған жерде жатқан қаза тапқан адамның денесі. Тараз, 12 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Теракті болған жерде жатқан қаза тапқан адамның денесі. Тараз, 12 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Таразда 2011 жылы 12 қарашадағы терактіде қаза тапқан полицей Ғазиз Байтасовтың аты берілген жаңа оқу-жаттығу полигоны ашылды. Бұл туралы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Департаменттің ақпараты бойынша, оқу-жаттығу полигонының ашылуына облыс әкімі, құқық қорғау органдарының басшылары, Тараз қаласының әкімі, Ғазиз Байтасовтың жесірі Гүлжан Тәжиева қатысқан.

Полигонда жеке құрамға арналған казарма, оқу сыныптары, асхана салынған.

2011 жылы қарашаның 12-сінде Таразда Мақсат Қариев есімді азамат бес полицей мен екі бейбіт тұрғынды өлтіріп, өзін-өзі жарып жіберген еді. Тараздағы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасаған қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан жол полициясы қызметкері Ғазиз Байтасов «Халық қаһарманы» атағымен марапатталды.
XS
SM
MD
LG