Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
12 – 16 қараша 2012 жыл
17 қараша 2012 жыл, 02:17
Өткен аптаның сурет баяны
1
«Назарбаев университетінің» ғалымы Жақсыбай Жұмаділов Ааттыққа сұхбат берді. Адам өмірін ұзартатын «Нәр» симбиотикалық биоөнім туралы ғалым былай деді: «Нәрді» ішкен адамның өмірі ұзақ болады деп айтуға келмейді. Себебі, ұзақ өмір сүру бірнеше факторға байланысты ғой. Олар - денсаулық, экология факторы, сосын әлеуметтік фактор. Айта берсе, фактор көп. Ал біз ойлап тапқан өнім осы аталғандардың ішіндегі денсаулық факторына жатады. Бір ғана фактор. Ал адам денсаулығының әр деңгейі бар. Сол себепті денсаулықтың әр деңгейіне осы «Нәр» сияқты өнімдерді ойлап тауып, соны қолдану керек».
2
2010 жылы студенттер алдында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Менімен жасты адамдар ұзақ өмір сүруге мүмкіндік беретін, өмірді ұзартатын жаңалықтарды қатты күтіп жүр, мұның тезірек болғанын қалайды» деген болатын. Ал жуырда Назарбаев университетінде өткен «Регенерациялық медицина мен сапалы ұзақ өмір сүру» атты екінші халықаралық конференция кезінде көпшілікке «Нәр» атты симбиотикалық био-өнімнің жасалғаны жарияланды.Көрнекі суретте: Назарбаев университетінің сырт көрінісі. Астана, 28 қыркүйек 2010 жыл.
3
Орыс биографиялық институты «Кеден одағын құруға қосқан үлестері үшін» Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаевқа (оң жақта), Владимир Путин (сол жақта) мен Александр Лукашенкоға «Жыл адамы» атағын берді.
4
16 қарашада Астанада өткен «Жас Отанның» сьезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің «қос ғасырға бергісіз табыстары» туралы айтып, жастарды «араб киімін кимеуге», «қазақша сөйлеп әрі үш тілді білуге», техникалық мамандықтарды меңгеруге шақырды.
5
ҰҚК төрағасының орынбасары Қабділкәрім Әбдіқазымов 2011 жылдан бастап «терроризм, күш көрсету идеологиясы, экстремизмді» насихаттаған 950 интернет-сайттың сот арқылы жабылғанын хабарлады. Қазақстанның құқық қорғау органдары экстремистік сайттардың жабылғанын жиі хабарлағанмен, әлі күнге дейін олардың тізімін жарияламай келеді. Көрнекі суретте: Интернет еркіндігін талап етушілердің парламент мәжілісі спикеріне жібермек болған «сәлемдемесі». Алматы, 29 сәуір 2009 жыл.
6
Шұбарши ауылының тұрғындары «белгісіз індетке шалдығып», жаппай ауырғандарын айтады. «Басымыз айналып, жүрегіміз айныды. Үш күн бойы дене қызуымыз түспей, жатып қалдық. Кейін ішіміз өтті», – деді Ақтөбе облысындағы Темір ауданы Шұбарши тұрғыны Ардақ Құбашева.
7
Шұбарши тұрғындары індетті ауыл маңындағы мұнай кеніші бөліп жатқан улы газ бен ішіп отырған су сапасыздығынан көреді. Ауылдың ауасы лас екенін Шұбаршидің дәрігері Қыдыр Байқадамов та растады. «Бірақ Шұбаршиді белгісіз індет жайлап алғаны туралы әңгіме – әншейін қауесет» дейді дәрігер. Көрнекі суретте: Шұбарши ауылының балалары сабаққа бара жатыр. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылы, 14 мамыр 2012 жыл.
8
Шұбарши – Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ мұнай кенішіне іргелес ауыл. Бұл жердегі мұнай өндірісі 1950 жылы қолға алынған. Қазір Кеңқияқ кенішінен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» және «ҚазТрансОйл» секілді ірі компаниялардың құрылымдық бөлімдері мұнай өндіріп отыр. «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» баспасөз хатшысы Ғалия Жалдыбаева «ауаның тазалығына жауапты органдар тарапынан компанияға ешқандай ескерту де, хабарлама да түспегенін» айтады. Көрнекі суретте: Ауласынан құдық қазып жатқан тұрғын. Ақтөбе облысы Шұбарши кенті.
9
Астанада өткен жиында Қазақстан астанасына келген мигрант балалардың оқуы сөз болды. Астана қалалық бала құқығын қорғау департаментінің директоры Рысты Жұмабекованың айтуынша, «ішкі және сыртқы миграцияны қоса есептегенде, Астанаға былтыр бес жарым мың, биыл жеті жарым мың бала келді». Маман мигранттардың мектеп жасындағы балаларының оқудан гөрі жұмыс істегенін жөн санайтынын айтты. Суретте: 9 жасар мигрант бала Шахрук Арзықұлов қайыр сұрап отыр. Астана, 15 қараша 2012 жыл.
10
«Әлеуметтік осал топтағы балалардың «дәстүрлі» тізімі қаңғыбас балалар, мигрант отбасындағы балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, жұмыс істейтін балалар, кәмелеттік жасқа жетпеген заң бұзушы балалар, т.б. әлеуметтік аз қамтылған балалар қатарымен толығып жатыр», – дейді «Сорос-Қазақстан» қорының білім мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сәуле Халықова. Суретте: 11 жасар Әзиза Арзықұлова қайыр сұрап жүр. Астана, 15 қараша 2012 жыл.
12 – 16 қараша 2012 жыл
Recommended
Тәжікстанда "Крокус сити холдағы" терактіге байланысты 9 адам ұсталды
Back to top
XS
SM
MD
LG