Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) Камбоджада өткен жыл сайынғы саммитінде адам құқықтары декларациясын қабылдады.
Адам құқықтарын қорғайтын халықаралық ұйымдар құжаттың алғашқы нұсқасын халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді деп сынаған еді. Құжатта негізінен ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті сақтауға байланысты адам құқықтары шектелуі мүмкін екені айтылған.
АСЕАН елдері құжаттың жаңа нұсқасына халықаралық нормаларға сай түзетулер енгізілгенін мәлімдеген. Бірақ Human Rights Watch ("Хьюман Райтс Вотч") ұйымы түзетулер әлі де жеткіліксіз екенін айтқан.
АСЕАН ұйымына Бруней, Бирма, Камбоджа, Индонезия, Лаос, Малайзия, Филиппин, Сингапур, Таиланд, Вьетнам мүше. Дүйсенбіде Пномпеньдегі жиын Шығыс Азия елдерінің саммитіне ұласады. Оған Австралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Ресей, Оңтүстік Корея және АҚШ басшылары қатысады.