Таиландта ресми сапармен жүрген АҚШ президенті Барак Обама Израильдің Газа секторынан атылған зымыран соққыларынан қорғануға хақы бар екенін айтты.
Палестиналық дәрігерлер Израиль әскери әуе күштерінің Газа секторындағы тұрғын үйге соққы беруі салдарынан 10 адам қаза тапқанын хабарлады. Израиль әскерилерінің мәлімдеуінше, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі Тель-Авивке атылған екі зымыранды атып түсірген.
Барак Обама мұнда Тель-Авивтің жағдайды әскери соққыны үдетпей шешкені жөн болатынын ескертті. Ол жағдайдың шиеленісуіне Израиль территориясын зымыранмен атқылаған палестиналық жауынгерлерді кінәлады.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху үкіметтің әскери операцияны үдетуге дайын екенін мәлімдеген еді. Израильдің Газа секторын әуеден және теңізден атқылап жатқанына бес күн болды. Ауыр әскери техникамен жарақтанған мыңдаған Израиль сарбазы Газа секторымен шекараға жиналып тұр.