Бүгін Маңғыстау облыстық апелляциялық соты Жаңаөзен оқиғасына қатысты 7,5 жылға сотталған оппозиция өкілі Владимир Козловқа кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды сотқа қатысқан құқық қорғаушы Евгений Жовтис.
Оның айтуынша, отырыста судья Руслан Қабиев, Козловтың адвокаттары Венера Сәрсембина мен Алексей Плугов және прокурор Әмірғали Жанаев қана болған. Соттан Твиттер-трансляция жасаған тіркелмеген "Алға" партиясы судья Козловтың өзін қатыстырудың қажеті жоқ" деп шешкенін жазады. Ақпарат құралдарына сотта тек бес минут қатысуға ғана рұқсат еткен.
Маңғыстау облыстық ауданаралық қылмыстық соты 8 қазанда тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловты 7 жыл 6 айға соттап, мүлкі тәркілеуге үкім шығарған. Оған "әлеуметтік араздықты қоздырды", "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыптар тағылған еді.