Еуропа Одағы (ЕО) таяуда құрылған Сирия оппозициялық және революциялық күштерінің коалициясын Сирия халқының заңды өкілі деп таныды.
Бірақ ЕО сыртқы істер министрлері қуғындағы үкіметпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатудан тартынып отыр. ЕО министрлері "бұл - ұйымға мүше әр мемлекеттің өзі шешетін мәселе" дейді.
Қазірге дейін оппозициялық коалицияны Франция мен Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесі мойындап үлгерді.
Бірақ Сирияның солтүстігінде әрекет ететін көтерілісшілер топтары коалицияны "шетелдік жоба" деп, мойындаудан бас тартты. Интернетте жарияланған үндеуінде исламшыл 13 топ өздері бекінген Алеппо аймағын ислам мемлекеті деп жариялады. Исламшыл топтар онда коалицияға қосылудан бас тартатынын мәлімдейді.