Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Францияға барды


Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 9 қазан 2012 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 9 қазан 2012 жыл.
"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияға жұмыс сапарымен барды" деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға сапары 21-23 қарашаға жоспарланған. Сапар аясында ол Франция президенті Франсуа Олландпен келіссөздер жүргізбек. "Онда екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер талқыланатын болады" дейді баспасөз қызметі.

Сапар барысында Назарбаев Францияның саяси және іскер топтары өкілдерімен кездеспек.
XS
SM
MD
LG