Accessibility links

Клинтон мен Аббас бітім жайын талқылады


Хиллари Клинтон мен Махмуд Аббас. Рамалла, Палестина, 21 қараша 2012 жыл.
Хиллари Клинтон мен Махмуд Аббас. Рамалла, Палестина, 21 қараша 2012 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Палестина президенті Махмуд Аббас Газа секторында Израиль мен ХАМАС-ты бітімге келтіру мәселелерін талқылады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Клинтон Аббаспен Батыс жағалаудағы Рамалла қаласында кездесті. Ал сәрсенбі кешке Каирде қайта жолықпақ. Екі жақты бітімге келтіру үшін Газа секторына БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун де барды. Египет те осымен сегізінші күнге созылған қақтығыста ара ағайындық танытып жүр.

Сейсенбіде Клинтон Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездескен. Кездесуден соң Израиль бітімге келді деген ақпараттар тарағанымен, Тель-Авив оны жоққы шығарған.

Газа секторында әскери операциялар басталғаннан бері шабуылдардан 140-қа тарта палестиналық пен 3 израильдық қаза тапты.

Қақтығыстар сәрсенбі күні де жалғасып, Израиль Газа секторындағы 100-ден астам нысанға соққы берді. Ал ХАМАС Израильдің солтүстігіне төрт зымыран атқан.
XS
SM
MD
LG