Израиль мен ХАМАС ұйымы Газа секторында қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді. Қос тараптың бітім жасасқанын баспасөз жиынында Египеттің сыртқы істер министрі Мұхаммед Әмір хабарлады. Жиынға АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да қатысты. Бітім сәрсенбі күні түнге қарай күшіне енді.
Египет Израиль мен палестиналық жауынгерлер арасында ара ағайын қызметін атқарып жүр. Соңғы сегіз күнде болған екі жақты әскери операциялар кезінде Палестинаның 150 адамы, Израильдің 5 азаматы қаза тапты.
АҚШ президенті Барак Обама Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, оның қақтығысты тоқтату туралы шешімін жоғары бағалады. Ал Израиль қорғаныс министрі Эхуд Барак Тель-Авивтің алға қойған мақсатын орындағанын айтады.
ХАМАС басшысы Халед Машаль өз ұйымы "Израильдің тактикалық тұрғыдан күйрегенін көрсеткен" бітім шарттарын орындайтынын айтады.