Accessibility links

Ресейдегі қоғамдық ұйымдар заңға байкот жарияламақ


"Мемориал" құқық қорғау ұйымы кеңсесінің сыртындағы жазу. Мәскеу, 21 қараша 2012 жыл.
"Мемориал" құқық қорғау ұйымы кеңсесінің сыртындағы жазу. Мәскеу, 21 қараша 2012 жыл.
Ресейлік ондаған үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) таяуда қабылданған, шетелден қаржыландырылатын ұйымдарды "шетел агенттері" ретінде танитын заңға байкот жариялады. Жаңа заң бойынша шетелден қаржылай көмек алатын үкіметтік емес ұйымдар 21 қарашаға дейін қайта тіркеуден өтуі тиіс.

Сәрсенбіде белгісіз біреулер "Мемориал" құқық қорғау ұйымы орналасқан кеңсе сыртына "Шетел агенті. Мен АҚШ-ты жақсы көремін" деген жазу жазып кеткен. Ұйым басшысы Олег Орлов бұл оқиғаны жаңа заңның күшіне енгенімен байланыстырады.

Орлов баспасөз жиынында "Мемориал" мен басқа да ондаған ҮЕҰ заңға байкот жариялайды" деп мәлімдеді. Оның сөзінше, заңның мақсаты - шетелден қаржылай көмек алатын барлық ұйымдарды "шетел тыңшысы" деп тану. Мәскеулік Хельсинки тобы, "Голос" тәуелсіз мониторинг жасау тобы, "Адам құқықтары үшін" қозғалысы және бірқатар ұйымдар заң талабын орындаудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG