Accessibility links

Грузияда су компаниясының бұрынғы басшысы ұсталды


Тбилисиде қаланы ауыз сумен қамтамасыз ететін компанияның бұрынғы басшысы Гега Келбакиани мен оның серігі Арчил Чоговадзе тұтқындалды. Ұсталғандардың адвокаты Арчил Жоржолианидің айтуынша, оларға өздері иелік ететін компания арқылы қаржы жымқырып, заңсыз ақша алып отырған деген айып тағылды.

Грузин ақпарат құралдарының хабарлауынша, Гега Келбакиани Тбилиси қаласының мэрі Геги Угалавамен бірге жиі жүрген. Угалаваның орынбасары Шота Хизанишвили өткен аптада кеңсесі мен пәтерінде тінту жасалған соң тұтқындалған. Қазір оған және ішкі істер министрлігінің бұрынғы 12 шенеунігіне "қызмет бабын асыра пайдаланды және адамдарды еріксіз бас бостандығынан айырды" деген айыптар тағылып отыр.

Тұтқындаулар Грузияда қазан айында парламент сайлауында оппозициялық коалиция жеңіске жетіп, үкіметтік қызметтерді иеленген соң басталды.
XS
SM
MD
LG