Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы Алматы прокуратурасының сотқа бірқатар оппозициялық ақпарат құралдарын жабу туралы қойған талабына наразылық танытты. Бұл туралы хабарламаны бюро өзінің веб-сайтына шығарған.
21 қарашада Алматы қалалық прокуратурасы соттан "К-плюс" телеарнасы, "Взгляд", "Голос республики" газеттері мен "Голос республики", "Стан-ТВ" интернет-порталдары мен оларға тиесілі делінген ондаған ресурстарды жабуды сұрағанын хабарлаған еді. Прокуратура "тіркелмеген "Алға" партиясы мен "Халық майданы" ұйымы қызметіне тыйым салуды да сұраған. Прокуратура мұны оппозиция өкілі Владимир Козлов, саясаткер Серік Сарағали және мұнайшылар белсендісі Ақжанат Әминовқа шыққан сот үкіміне негіздеген.
"Сот сүйенетін ол үкімде көптеген процессуалдық қателіктер бар. Үкім істі әділ, шынайы және жан-жақты қарастыру негізінде шығарылған жоқ. Біз соттың саяси астары бар екенін талай рет мәлімдедік" дейді бюро.
Соттың алғашқы және екінші инстанциясын әділ деп санамаған ұйым "соттың бір қателігі екінші қателікті туындататынын айтады" айтады.
Бюро бұған қоса прокуратураның талабы аталған БАҚ пен ұйымдардың редакторлары мен кейбір басшыларын тұтқындап, сотқа тартуға әкеп соғуы мүмкін деп алаңдайды.
"Осы себепті прокуратураның әрекетіне қарсылығымызды білдіреміз. Бірқатар БАҚ пен ұйымдарды жабу ұмтылысын саяси және ақпараттық кеңістігінен саяси көзқарасы өзгеше жетекшілер мен ұйымдарды және БАҚ-ты тазалау әрекеті деп білеміз" деп мәлімдейді бюро.