Accessibility links

"Голос республики" тиражы тұтқындалатынын айтты


"Голос Республики" газеті. (Көрнекі сурет).
"Голос Республики" газеті. (Көрнекі сурет).
Медеу аудандық соты "Голос республики" газетінің тиражын Алматы әуежайына келген бойда тұтқынға алу туралы шешім шығарды" деп жазды басылым Facebook әлеуметтік желісінде. Басылым парақшасында сот шешімінің кеше шыққанын жазады.

Бұл оппозициялық газеттің Қазақстан аумағынан басылып шығуына тыйым салынған еді. Газет тиражы бүгін кешке Мәскеуден Алматыға жеткізілуі қажет болатын.

21 қарашада Алматы прокуратурасы сотқа "К-плюс" телеарнасы, "Стан-ТВ", "Республика" интернет порталдары мен "Республика", "Голос республики" және "Взгляд" газеттерін жабу туралы талап арыз түсірген.
XS
SM
MD
LG