Accessibility links

Мексика президенті ел атауын өзгертуді ұсынды


Мексика президенті Фелипе Кальдерон. 9 тамыз 2009 жыл.
Мексика президенті Фелипе Кальдерон. 9 тамыз 2009 жыл.
Мексиканың қызметінен кетіп жатқан президенті Фелипе Кальдерон елдің ресми атауын өзгертуді ұсынды.

Қазір бұл ел ресми түрде Мексика Құрама Штаттары деп аталады. Конгреске жолдаған заң жобасында ол конституциядағы елдің ресми атауын "Мексика" деген қысқа сөзбен алмастыруды ұсынады. Оның айтуынша, "Ел атауын өзгерту тап қазір орындалуы тиіс өзекті мәселе емес. Бірақ Мексика басқа елдерге еліктемеуі керек".

Мексика Құрама Штаттары атауы бұл ел 1824 жылы Испаниядан тәуелсіздік алған соң қабылданған. Ресми атау үкімет құжаттары мен ұлттық валютадан өзге жерлерде сирек қолданылады.

Фелипе Кальдерон 1 желтоқсанда қызметін елдің жаңа сайланған президенті Энрике Пенья Ньетоға тапсырады.
XS
SM
MD
LG