Accessibility links

ЕО өкілі Грузия мен Орталық Азияға сапарын бастады


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон. Брюссель, 7 қараша 2012 жыл.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон. Брюссель, 7 қараша 2012 жыл.
Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон Грузия мен Орталық Азия елдеріне сапарын бастады. Дүйсенбіде Кэтрин Эштон Тбилисиде бірқатар кездесулер өткізбек. Сейсенбіде ол Қырғызстанға, сәрсенбіде Өзбекстанға, бейсенбіде Тәжікстанға барады. Ал жұма күні Қазақстанға келеді.

Кэтрин Эштонның айтуына қарағанда, Грузияда ол биліктегі негізгі екі партияны ымыраласу жолдарын іздестіруге шақырмақ, ал Орталық Азияда азаматтық қоғам орнату мен аймақтың экономикалық дамуына қатысты мәселелерді қозғамақ.

Кэтрин Эштон ЕО жоғарғы комиссары ретінде Орталық Азия елдеріне бірінші рет сапар жасап отыр.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Эштонды Орталық Азия елдеріндегі құқық қорғаушылармен кездесіп, сотталған белсенділердің босатылуын ашық түрде талап етуге шақырды.
XS
SM
MD
LG