Accessibility links

Оппозициялық партияның қызметі тоқтатылғаны хабарланды


Михаил Сизов, тіркелмеген «Алға» партиясы төрағасының орынбасары. Алматы, 14 қазан 2009 жыл.
Михаил Сизов, тіркелмеген «Алға» партиясы төрағасының орынбасары. Алматы, 14 қазан 2009 жыл.
Тіркелмеген "Алға" партиясы төрағасының орынбасары Михаил Сизов қарашаның 24-і күні Алматы қаласы сот актілерін орындау департаментінен хабарлама алғандарын айтты.

Хабарламада "Тіркелмеген "Алға" партиясының қызметі сот шешімі күшіне енгенге дейін тоқтатылатыны, сот актісі орындалмаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындары" ескертілген.

Сизовтың айтуынша, "Әзірге жауаптан гөрі сұрақтар көп. "Алға" партиясына қатысты сот отырысының қайда және қашан болатыны немесе болып кеткендігі, нақты қандай талап-арыздың түскендігі, партияның қандай жолдармен қорғанатыны белгісіз".

Тіркелмеген "Алға" партиясының өкілдері қарашаның 26-сы күні партия қызметін тоқтату туралы сот актісін шығарған Алматы қаласының Алмалы аудандық 2-сотына барып, мәселенің анық-қанығын сұрастырмақ.

Ал тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі, 7,5 жылға сотталған Владимир Козлов ты Ақтөбеге этаппен алып кеткен. Козловтың әкетілгенін Азаттық тілшісіне әйелінің өзі хабарлаған еді. Владимир Козловты 8 қазанда Маңғыстау облыстық соты Жаңаөзенде өткен жылдың 16-желтоқсанындағы оқиғаларға қатысты соттаған еді.
XS
SM
MD
LG