Accessibility links

Михаэль Шумахер "Формула-1" жарысынан кетті


Михаэль Шумахер. Жапония, 4 қазан 2012 жыл.
Михаэль Шумахер. Жапония, 4 қазан 2012 жыл.
Әлемнің жеті мәрте чемпионы, 43 жастағы Михаэль Шумахер "Формула-1" жарысындағы карьерасын аяқтады. Ол Бразилияның Сан-Пауло қаласында өткен Гран-При жарысында жетінші орын алды.

"Формула-1" жарысының үздігі Шумахер "соңғы жарысы көңілінен шыққанын, бұдан ары жеке өміріне көңіл бөлетінін" айтты.

Жексенбіде өткен жарыста оның отандасы Себастьян Веттль үшінші рет жеңімпаз атанды.

Михаэль Шумахер "Формула-1" жарысындағы жеті чемпиондық атағынан өзге 91 жарыста жеңіске жеткен. Ол жарысқа негізінен Benetton және Ferrari көліктерімен қатысқан.
XS
SM
MD
LG