Accessibility links

Медведев: Pussy-Riot-ты түрмеге жабу - жөнсіз


Дмитрий Медведев француз журналистеріне сұхбат беріп отыр. Париж, 26 қараша 2012 жыл.
Дмитрий Медведев француз журналистеріне сұхбат беріп отыр. Париж, 26 қараша 2012 жыл.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Францияға сапары қарсаңында "Pussy Riot панк-тобының мүшелерін бұдан ары түрмеде ұстауға негіз жоқ" екенін айтты.

Медведев France Press және Le Figaro агенттіктеріне "панк-топ мүшелерінің әрекетін қолдамайтынын, бірақ олардың ары қарай да жазаларын өтей беруіне еш негіз жоқ" екенін айтқан. Оның сөзінше, топ мүшелері сотқа дейін де абақтыда көп отырды.

Медведев бүгін екі күндік сапармен Парижге барып, Франция президенті Франсуа Олландпен және премьер-министр Жан-Марк Эромен кездеседі.

Pussy Riot панк-тобының үш әншісі Мәскеудің Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында президент Владимир Путинге қарсы ән айтқаны үшін сотталған. Оның біреуі кейін шартты жазамен босатылды.
XS
SM
MD
LG