Accessibility links

Грузия экс-премьерінің қазасы қайта тергелмек


Грузияның бұрынғы бұрынғы премьер-министрі Зураб Жвания. Вашингтон, 6 желтоқсан 2004 жыл.
Грузияның бұрынғы бұрынғы премьер-министрі Зураб Жвания. Вашингтон, 6 желтоқсан 2004 жыл.
Грузия прокуратурасы 2005 жылы қаза тапқан бұрынғы премьер-министр Зураб Жванияның өлімі қайта тергелетінін хабарлады.

Ресми орындар "Зураб Жвания газбен жылыту жүйесінен шыққан улы газ тиіп қайтыс болды" деп тұжырымдаған еді. Бірақ Жванияның туыстары ресми нұсқамен келіспеген. Оның ағасы Георгий Жвания бауырының өлімін Грузия билігінен көреді.

Георгий Жвания - 1 қазандағы парламент сайлауында жеңіске жетіп, үкіметті жасақтаған Бидзина Иванишвилидің "Грузия арманы" коалициясының құрамында.

2003 жылы сол кездегі президент Эдуард Шеварднадзені биліктен алған төңкерісте Зураб Жванияның орны ерекше болған.
XS
SM
MD
LG