Accessibility links

Еуропа Одағының жоғарғы комиссары Қырғызстанға барды


Кэтрин Эштон (солдан оңға қарай үшінші) Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесуінде. Бішкек, 27 қараша 2012 жыл.
Кэтрин Эштон (солдан оңға қарай үшінші) Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесуінде. Бішкек, 27 қараша 2012 жыл.
"Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон Бішкекте Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті" деп хабарлайды Азаттық радиосының Қырғыз қызметі.

Кездесуге Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстанның сыртқы істер министрлері, Өзбекстан және Түркіменстанның сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары қатысты. Жабық есік жағдайында өткен жиында аймақтағы қауіпсіздік, адам құқықтарының жағдайы, білім беру, қоғамдағы әйелдердің мәртебесі, су, энергетика және экология мәселелері сөз болды.

Бішкекте ол Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен де кездесті. Сәрсенбіде Өзбекстанға барады.

Кэтрин Эштонның Орталық Азия елдеріне сапары сейсенбіде Қырғызстаннан басталған. Қазақстанға жұма күні келмек.
XS
SM
MD
LG