Accessibility links

Аргентинада әскери хунтаға қатысты сот басталды


"Аргентина астанасы Буэнос-Айресте 1976 жыл мен 1983 жыл аралығында елді әскери диктатура басқарған кездегі адам ұрлау, кісі өлімі, азаптау және басқа да қылмыстарға қатысты сот басталды" деп хабарлайды BBC.

Сотқа 68 айыпталушы қатысып жатыр. Құқық қорғаушы Родольфо Янсонның айтуынша, сотта 900-ге тарта куәгер сұралмақ.

Сотқа хунтаның әскери-теңіз училищесі базасында салған құпия түрмесіне қатысы бар адамдар шақырылған. Аргентинаны әскери хунта басқарған кезде мыңдаған адам ұрланып, сотсыз қырылған еді. Ұрланған бес мың адамның көпшілігі қаза тапқан. Олардың көбінің қайда жерленгені де әлі күнге белгісіз. Сарапшылар қаза тапқандарды өртеп жіберген болуы мүмкін деп жорамалдайды.

Сот екі жылға созылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG