Accessibility links

Ақтөбе полицейлері бақылауды күшейтті


Алматыдағы "Қарсылық жиынын" бақылап тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Алматыдағы "Қарсылық жиынын" бақылап тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысы полицейлерінің күшейтілген жұмыс режиміне көшкені туралы облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз хатшысы Қайрат Сейітов хабарлады.

ІІД таратқан ақпаратта «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні қарсаңында - қарашаның 28-і мен 30-ы аралығында Ақтөбе облысының аумағында жедел алдын алу шаралары өткізіледі» деп жазылған.

Облыста "қоғамдық тәртіпті сақтау үшін" ішкі істер мен ішкі әскердің барлық құрылымдары жұмылдырылған. Сонымен қатар полиция студенттік отрядтар мен қоғамдық сақшылардың көмегіне де жүгінбекші.

Бұл мақсатта Ақтөбедегі бірқатар жоғары оқу орнының студенттерінен құралған "еріктілер жасағы" құрылғаны да хабарланды.
XS
SM
MD
LG