Accessibility links

Алматыда жауған қар ұшақтарды жолдан қалдырды


Алматы халықаралық әуежайы. Көрнекі сурет.
Алматы халықаралық әуежайы. Көрнекі сурет.
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан сенбі күні Алматы әуежайынан ішкі және сыртқы бірнеше бағытқа жолаушылар ұшақтары белгіленген уақытында ұша алмады.

«Алматыда қалың қар жауғаннан Airastana кестесі өзгерді. Ыстамбұл, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Өскемен қалаларына рейстер орындалмайды» делінген «Эйр Астана» әуе тасымалдаушы компаниясының твиттер-аккаунтында.

Алматы әуежайының жолаушылар рейстерінің қозғалысы туралы ақпарат беретін кезекші қызметкері аталған бағыттарға ұшақтардың қай кезде ұшатыны әзірге белгісіз екенін айтты Азаттық тілшісіне.

Өткен түннен бері Алматыда толассыз қар жауып тұр, ауа райын болжау қызметінің мәліметі бойынша, ол сенбінің кешіне дейін жалғасуы ықтимал. Таңертең таратылған ресми ақпаратта қалада жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге дейін, ал тау баурайында 40 сантиметрге дейін жеткені айтылған.
XS
SM
MD
LG