Египет оппозициясының жақтастары сейсенбіде жаңа конституция жобасына және президент Мұхаммед Мурсидің өз құзіретін күшейткеніне қайтадан наразылық танытуды жоспарлап отыр.
Оппозиция Мурсидің жаңа конституция жобасын дауысқа салатын 15 желтоқсанға белгілеген референдумға байкот жариялаған. Конституция жобасын өткен аптада көпшілігі Мурсидің исламшыл жақтастарынан құралған конституциялық ассамблея асығыс бекіткен еді. Заңгерлер жобаны "әйелдер мен шағын топтар құқықтарын қорғамайды" деп сынаған.
Мурсидің айтуынша, конституция өз құзіретін күшейту туралы декларация күшін жойғанша қабылдануы тиіс.
Ал Египет жоғарғы соты дүйсенбіде байкотты заңсыз деп, референдумға бақылау жасайтын судьяларды өзі тағайындайтынын мәлімдеді.