Accessibility links

ҰҚК басшысы: "Халифат сарбаздарынан" қауіп бар


"Халифат сарбаздары" ұйымы мүшелері Қазақстан билігіне доқ көрсеткен үндеу жариялап тұр. Youtube сайтынан алынған скрин-шот.
"Халифат сарбаздары" ұйымы мүшелері Қазақстан билігіне доқ көрсеткен үндеу жариялап тұр. Youtube сайтынан алынған скрин-шот.
"Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары Қабдұлкәрім Әбдіқазымов "Халифат сарбаздары" ұйымынан расымен қауіп бар" деп мойындады деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Сенаторлар сауалдарына жауап берген Әбдіқазымов ұйым құрамында "Қазақстан азаматтары да бар екенін" айтқан.

Қазақстан "Халифат сарбаздары" ұйымын террористік деп танып, ел аумағындағы қызметіне тыйым салған. Қазан айының ортасында топ жетекшісі Моэзеддин Гарсалауи Пәкістанда қаза тапты деген хабар тараған еді.

Ұйым 2011 жылдың қазан мен желтоқсан айлары аралығында Тараз, Атырау және Алматы қалаларында әскерилермен болған арнайы операциялар мен жарылыстарды мойнына алған.
XS
SM
MD
LG