Accessibility links

Иран АҚШ-тың ұшу аппаратын атып түсірген


АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын ScanEagle аппараты.
АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын ScanEagle аппараты.
Иран әскерилері АҚШ-тың ScanEagle ұшқышсыз басқарылатын аппаратын атып құлатты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, аппарат Парсы шығанағы аумағында Иран әуе кеңістігіне енген кезде атып құлатылған. Иран әскерилері аппараттың қалай атып түсірілгені жайлы егжей-тегжейлі айтпады. Ислам революциясын қорғау корпусының дерегінше, аппарат АҚШ әскери-теңіз күштерінің кемелерінде тыңшылық жасау үшін қолданылады. Бірақ АҚШ әскери теңіз күштерінің басшылары мұндай ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Тегеран өткен айда Парсы шығанағы аумағында америкалық тағы бір ұшқышсыз басқарылатын аппаратын атқанын, бірақ құлата алмағанын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG