Accessibility links

Египетте наразылық шерулері жалғасып жатыр


Президент сарайы сыртында намаз оқып тұрған наразы әйел. Каир, 4 желтоқсан 2012 жыл.
Президент сарайы сыртында намаз оқып тұрған наразы әйел. Каир, 4 желтоқсан 2012 жыл.
Каирде Египет президенті Мұхаммед Мурсиге қарсы наразылық шарасы жалғасып жатыр.

Сейсенбіде мыңдаған адам сымтемірлі қоршауды бұзып өтіп президент сарайын қоршап алды. Полиция ереуілшілерге көзден жас ағызатын газ қолданды.

Президентке жақын дерек көздері оның наразылар қарасы көбейе бастағанда резиденциясын тастап шыққанын айтады.

Египетте наразылық шаралары Мурсидің таяуда өз құзіретін күшейткенінен соң басталған. Египеттіктер кейін елдің жаңа конституциясы жобасына да наразылық білдіре бастады.

Александрия аймағында да он мыңдаған адам шеруге шықты. Ал Миньеде президенттің жақтастары мен қарсыластары арасында үлкен қақтығыстар болған.

Египетте конституциясының жобасы 15 желтоқсанда дауысқа салынуы тиіс.
XS
SM
MD
LG