Institute for Economics and Peace ұйымы дүниежүзі елдеріндегі алғашқы терроризм индексін жасап шықты.
Индексте соңғы жылдары әлемде террорлық әрекеттердің құрбандары азайғаны байқалады. Терроризм құрбандарының саны 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан соң ұдайы көбейіп, 2007 жылы рекордтық көрсеткішке жеткен. 2007 жылдан кейін құрбандар саны төрттен бірге дейін азайған.
Индекс 158 мемлекеттегі соңғы он жылды қамтиды. Олардың арасында тек 31 елде ғана террористік шабуылдар болмаған.
Өткен жылы жасалған терактілер саны бойынша Ирак, Пәкістан, Ауғанстан және Үндістан алда шыққан. 2011 жылы барлық жоспарланған терактілердің тек 9 пайызының ғана алдын алуға мүмкіндік болған.
Зерттеу деректеріне қарағанда, террористік қауіп-қатер тек Солтүстік Америкада ғана төмен. Қазақстан терроризм қатері тізімінде Орталық Азия елдерін басып озып, 47-орынға тұрақтаған. Ресей рейтингте 9-орында тұр.