Accessibility links

Әлем елдеріндегі коррупция индексі жарияланды


Transparency International ұйымының 2012 жылға арналған әлем елдеріндегі сыбайлас жемқорлық индексі. 4 желтоқсан 2012 жыл.
Transparency International ұйымының 2012 жылға арналған әлем елдеріндегі сыбайлас жемқорлық индексі. 4 желтоқсан 2012 жыл.
Берлинде орналасқан сыбайлас жемқорлықпен күресуші Transparency International ("Транспаренси Интернэшнл" - TI) халықаралық ұйымы әлем елдеріндегі жемқорлықтың деңгейі жайлы жыл сайынғы индексін жариялады.

Ұйым сәрсенбіде жариялаған есебінде зерттелген 176 елдің үштен екісінде азаматтар өз еліндегі коррупция деңгейін жоғары деп санайтынын айтады. Көп мемлекеттерде парақорлық пен қызмет бабын жеке мақсатта пайдалану көрсеткіші жоғары.

Ауғанстан биыл да өткен жылғыдай сыбайлас жемқорлық деңгейі ең жоғары ел атанып отыр. Грузиядан өзге постсоветтік елдердің барлығында да сыбайлас жемқорлық көрсеткіші аса жақсы емес.

Ұйым өкілі Светлана Савицкаяның айтуынша, көп мемлекеттерде азаматтар мемлекеттік органдар мен шенеуніктер қызметінің барынша ашық болғанын қалайды.
XS
SM
MD
LG