Иранның шығысында - Ауғанстанмен шектесетін Хорасан провинциясында қуаты 5,6 балл жер сілкінісі болды.
Провинцияның төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Мұхаммед Әли Ахундидің айтуынша, зілзаладан сегіз адам қаза тауып, 12 адам жараланған. Қираған ғимараттар туралы әзірге ақпарат жоқ.
АҚШ геологиялық зерттеулер институтының деректеріне қарағанда, зілзала ошағы провинция орталығы Бирдженд қаласынан 68 шақырым қашықтықта, жердің 5,4 шақырым тереңдіктегі қыртысында болған.
Ауғанстан жағы жер сілкінісіне қатысты ешқандай мәлімет таратпады.