Accessibility links

Қазақстанның 6 облысында аяз болатыны ескертілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі алдағы аптада елдің бірқатар аймағында қатты аяз болуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Бұл туралы ақпарат министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Ауа райын болжау қызметінің мәліметі бойынша, желтоқсанның 10-14 аралығында Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында ауаның температурасы күндіз 23-28, ал түнде 30-35, кей жерлерде 40 градусқа дейін түсуі ықтимал.

Қазақстанның орталық, солтүстік, шығыс аймағы мен Алматы облысындағы кейбір өзендерде мұз қатып, Шығыс Қазақстанда Ертіс, Бұқтырма және Үлбі өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін екені хабарланды.
XS
SM
MD
LG