Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
3 – 7 желтоқсан 2012 жыл
8 желтоқсан 2012 жыл, 11:45
Өткен аптаның сурет баяны
1
Польшада Жаңаөзен оқиғасының куәгері Атырау тұрғыны Мейірман Шәуенов ұсталды. Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстаннан қашып кеткен Шәуенов 2012 жылдың басынан бері отбасымен бірге Польшаның Згерж қаласындағы босқындар лагеріне тұрақтанған. Көрнекі суретте: Жаңаөзен оқиғасынан соң көлік жүргізушісін тексеріп тұрған полицейлер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. Елена Костюченко түсірген сурет.
2
Желтоқсанның 6-сы «Рух пен тіл» жастар ұйымының белсенділері Алматыдағы Польша консулдығына Жаңаөзен оқиғасының куәгері Мейірман Шәуеновты Қазақтсанға қайтармау жайында петиция апарып тапсырды.
3
Алматыда тіркелмеген «Алға» партиясын «экстремистік ұйым деп тану» туралы прокуратура арызына қатысты сот отырысы өтті. Суретте: Дәурен Даиров, прокурор. Алматы, 5 желтоқсан 2012 жыл.
4
«Алға» партиясына байланысты сот барысында жауап беруші тарап «мұндай партияның ресми түрде тіркелмегенін», яғни «жоқ» екенін айтып, жауапкердің дұрыс анықталмағанына назар аудартты. Суретте: Михаил Сизов, "Алға" партиясын құру бойынша ұйымдастыру комитетінің төрағасы. Алматы, 5 желтоқсан 2012 жыл.
5
«Әділ сөз» баспасөз қорғау қорының жазуынша, желтоқсанның 4-і күні Алматының Бостандық аудандық соты Stan.tv порталы тарататын ақпараттарды Қазақстан заңына қайшы деп тауып, республика аумағында олардың таралуына тыйым салды. Әзірге Stan.kz сайты ашылып тұр. Көрнекі сурет.
6
Желтоқсанның 4-і Алматы қаласы Бостандық аудандық соты www.guljan.org веб-сайтын үш ай мерзімге Қазақстан аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарды. Сайт редакторы Гүлжан Ерғалиева (суретте) «сот шешімінде сайтты жабуға не себеп болғаны айтылмаған» дейді.
7
Азаттық оқырмандары теміртаулық үшемнің отбасына қол ұшын созды. Оқырмандар көп балалы отбасына қаржы, киім-кешек және азық-түлік жіберіп жатыр. Алайда Әзімовтер отбасы бұрынғыша баспанаға мұқтаж. Суретте: солдан оңға қарай жоғарғы қатарда: Әзімовтардың үлкен қызы Ақнұр, үшемнің анасы Збира, әпкелері Бақыт; төменгі қатарда: Перизат, Асылзат, Пәкизат. Теміртау, 3 желтоқсан 2012 жыл.
8
«Қайырбек есімді маңғыстаулық жігіт - 25 мың теңге, Қарағандыдан бір жігіт - 15 мың теңге, атыраулық бір жігіт бірнеше мың теңге аударды. Қарағандыда тұратын Әсем деген бойжеткен үйге келіп, 40 мың теңге ақша, ойыншықтар, памперс бумасын, сүт беріп кетті. Кейін әлгі бойжеткен қой алып келіпті. Көмектескен жандар көп. Алғысымыз шексіз!» - дейді үшемнің әпкесі Бақыт Әзімова.
3 – 7 желтоқсан 2012 жыл
Recommended
Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталды
Back to top
XS
SM
MD
LG