Дүйсенбіде Ослода (Норвегия) Еуропа Одағына (ЕО) Нобель сыйлығы тапсырылады. Марапаттау рәсіміне ЕО Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей, Еуропа комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Баррозо және Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульц қатыспақ.
Ослодағы сыйлық тапсыру рәсіміне бірқатар елдердің басшылары, оның арасында арнайы Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд келеді деген жоспар бар.
Қазан айында ЕО-ға "әлемде бейбітшілік, демократия мен адам құқықтарының сақталуына қосқан үлесі үшін" Нобель сыйлығын беру туралы ұйғарым жасалған. Ослода мыңдаған адам Нобель сыйлығының ЕО-ға берілуіне қарсы наразылық акциясын өткізбек.
Норвегия ЕО-ға мүше емес. Норвегиялықтар бұған дейін осы ұйымға кіру ұсынысынан екі рет бас тартқан.