Иранда видеофайлдарды орналастыруға арналған Mehr деп аталатын жаңа сайт ашылды. Билік Mehr "парсы тілді интернет қолданушылардың қызығушылығын туғызып, YouTube желісіне балама, бәсекелес болады" деп үміттеніп отыр.
Жаңа сайт мемлекеттің "ислам талаптарына қайшы" шетелдік интернет ресурстарына балама сайттар құру стратегиясы аясында ашылған. Иран үкіметі бұған қоса интернетпен байланысы жоқ жалпыұлттық онлайн желісін ашуды да жоспарлап отыр.
2009 жылғы президент сайлауынан бері Иран YouTube сайтын цензураға алып келеді. Елде Facebook, Twitter әлеуметтік желілері де жиі бұғауланып қалады.
АҚШ Иранды "электронды бөгет орнатып, азаматтарын сыртқы әлеммен байланысудан ажыратпақ болғаны үшін" айыптайды.