Accessibility links

Жаңаөзенде Тәуелсіздік мерекесі атап өтілмейді


Жаңаөзен қаласының орталық алаңы. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
Жаңаөзен қалаcында Тәуелсіздік күні атап өтілмейтін болды деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Әкімдіктің ақпаратына қарағанда, 13 желтоқсанда қалада салтанатты жиын өтеді. Бұдан соң қалада ешқандай мерекелік іс-шаралар, жиындар болмайды

2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзенде, 17 желтоқсанында Шетпе станциясында болған оқиғаларда ресми дерек бойынша жиыны 17 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған еді.

Қазақстанда Тәуелсіздік мерекесі 16-17 желтоқсанда тойланады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG